Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мектеп оқушылары полицейлермен бір күн өткізді

Түркістан облысында мектеп оқушылары полицейлермен бір күн өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ полицейлері “Мен және менің полицейім” іс-шарасы аясында оқушыларды қалалық мұражайға алып барды. Онда кәмелетке толмағандарға қоғамның дамуы жолында қызмет еткен ел ағаларын үлгі өнеге ретінде таныстырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің еңбек жолдарын көрсетті.

Шараның мақсаты – оқушылардың ішкі істер органына қызығушылығын арттыру. Өзінің әкімшілік аумағына қарайтын полицейлермен жақын болуды, етене араласуды ұйымдастыру. Полицейдің қорғаны екенін ұғындыру.

Ары қарай осындай іс-шара Төлеби ауданының полицейлерінің ұйымдастыруымен өтті. Акцияға №7 IT мектеп оқушылары қатысты. Мұнда кәмелет жасына толмағандардың құқықтық сауатын арттырып, полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының күнделікті жұмыс тәжірибесіне оқушылардың назарларын аударып, олардың қоғамдағы рөлі бағытында әңгіме өрбіді.

Шара барысында тәртіп сақшылары оқушыларға жол белгілерінің ережесін түсіндірді. Жасөспірімдер полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Бұндай шаралардың оқушыларға берері мол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру