Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тергеушісі республикалық байқауда екінші орынды иеленді

Солтүстік Қазақстан облысының тергеушісі республикалық байқауда екінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“ҚР ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы, кримналисі” республикалық байқауында СҚО ПД Тергеу басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға тергеушісі Сергей Коняхин екінші орынды иеленді.

Байқау қарашаның 16-19 аралығында ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өтті. Бағдарламаға тестілеу, жағдаяттық мәселелерді шешу, эссе жазу, атыс даярлығы кірді.

Сонымен қатар, кейбір қызметкерлерге ведомстволық оқу орнының тыңдаушыларына баяндама оқу ұсынылды. Сергей Коняхинге есірткі қылмысына қарсы күрес тақырыбы түсті. Таңдау кездейсоқ емес: оның тәжірибесінде еліміз бойынша сирек кездесетін істерді тергеу де бар. Биылғы жылы СҚО аумағында синтетикалық есірткі өндіріп, таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша материалды сотқа жолдаған да дәл осы тергеуші. Төменгі буын тобы ұйымдастырушысымен кездеспеген, қылмыскерлер қашықтықтан байланысып отырған. Бұл эпизодтарды саралауда, топтағы тұлғалардың рөлдерін анықтауда қиындықтар туғызды. Қанша айлакерлік танытса да қылмыскерлер соттан құтыла алмады: қарашаның сегізі олар 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Сергей Коняхиннің еншісінде аса ірі көлемде героин таратумен айналысқан екі “жасырушының” ісі де бар. Қылмыскерлер әр орынға 50 грамдай ауыр есірткі жасырып кетіп отырған. Клиенттерімен тек мессенджер арқылы байланысқан. Олардың екеуі де бас бостандықтарынан айырылды.

– Өз баяндамамда интернет-сервис арқылы есірткі қылмысын ұйымдастырудың заманауи түрлеріне тоқталдым. Болашақ полиция қызметкерлерінің жаңа жағдайда жұмыс істеуіне тура келеді. Тергеу бөліністерінің бүгін жинақтаған тәжіриебесі ертеңгі тергеу жұмысының жаңа әдістерінің негізі болуы тиіс, – дейді полиция подполковнигі Коняхин.


Сергей Коняхин қызметінде сауатты, атқарушылық тәртібі жоғары, жас қызметкерлермен өз тәжірибесімен аянбай бөлісетін жауапты қызметкер ретінде сипатталады.

– Жыл басынан полиция подполковнигі Коняхиннің өндірісінде 28 қылмыстық іс болды, оның 17-сі сотқа жолданды, олардың барлығы қылмыстың ауыр және аса ауыр санаттары бойынша. Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі бар, ұйымдастырушылық қабілетке ие. 2016 жылы “Ерлігі үшін” Президент медалімен марапатталды, – деп хабарлайды СҚО ПД ТБ бастығы Қайрат Қасымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру