Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жолдарында демалыс күндері 13 мас жүргізуші ұсталды

СҚО жолдарында демалыс күндері 13 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да өткен демалыс күндері 1331 Жол жүрісі ережесін бұзушылық анықталды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 19-21 тамыз аралығында елімізде өткізілген үшкүндік рейдтік іс-шараны қорытындылады.

Рейд нәтижелері: жалпы жол қозғалысына қатысушылар көлік тәртібін сақтайтынын көрсетті. Сонымен қатар, көлік ағынында басқару құқығы жоқ және бұрын басқару құқығынан айырылған, сондай-ақ мас жүргізушілер де кездеседі.

Облыс орталығындағы Крепостная көшесінің бойында патрульдік полиция экипажы Петропавл тұрғынының басқаруындағы Nissan Primera автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлікті басқарған тұста бордюрді соғып, жол-көлік оқиғасының жасалуына жағдай туғызған. 36 ер адам спирттік ішімдікті кеше ішкенін айтып, полицейлерді сендірмек болған. Медициналық куәландыру орта дәрежедегі масаңдықты көрсетті. Автомобиль арнайы тұраққа қойылды. Әкімшілік материал жиналды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы санкциясына сәйкес жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлікті басқару құқығынан айырылмақ.

Үш тәулік ішінде өңір жолдарында масаң күйде көлікті басқарудың 13 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, жылдамдық режимін бұзудың 189 фактісі, бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтудің 116 фактісі, жаяу жүргіншілер тарапынан болған 91 бұзушылық фактісі анықталды. Анықталған бұзушылықтар қайғылы жағдаймен аяқталатын жол апатына әкелуі мүмкін еді. Биылғы жылдың 7 айында СҚО аумағында 184 ЖКО тіркелді, оның нәтижесінде 24 адам қаза тауып, 277 адам жарақат алды. Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды барлық қағидаларды қатаң сақтауға, көлік құралының техникалық жағдайын қадағалауға, қаладан тыс жерге сапарға шығар алдында тынығуға, өзіңмен бірге құрал-жабдықтарды, қосалқы дөңгелек, байланыс құралын алып жүруге шақырады.

22 тамыздан СҚО-да «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі бастау алды. Іс-шара жаңа оқу жылының қарсаңында арнайы өткізілуде және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларын алдын алуға, балалардың жолда және көшеде қауіпсіз жүру дағдыларын бекітуге, сондай-ақ балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру