Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Масаң күйде көлік жүргізген жамбылдық ұсталды

Масаң күйде көлік жүргізген жамбылдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамызда Мойынқұм ауданы полиция бөлімі қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізу барысында ауыл көшелерінің қиылысында қозғалысы күдік тудырған автокөлікті байқаған.

Аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуін елемей, қашпақшы болған, алайда көп ұзамай ұсталды.

Құқық бұзушы осы ауданның 27 жастағы тұрғыны екендігі және көлікті масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқаруы бойынша қайталанып жасалған әрекеттер) жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру