Степногорск полицейлері салынып жатқан нысаннан ұрлық жасағандарды ұстады
Степногорск полицейлері салынып жатқан нысанның аумағынан ұрлық жасағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 29 мамырда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан сол күні сағат 12:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта белгісіз тұлға контейнерлік бокстан құрылыс құралдарын ұрлап әкеткені туралы өтініш келіп түсті. Шығын сомасы 106 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын сотталмаған 18 жастағы жергілікті тұрғын жасаған әрекетін мойындады.
Күдіктінің айтуынша, ол салынып жатқан нысанның аумағында контейнерді байқап, терезені қысып ашу арқылы құрылыс құралдарын: кувалдылар, балғалар, металл шелектер, прожекторлар және мыс кабелін ұрлап әкеткен. Жас жігіт заттарды сатуды ойлаған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.