Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында ер адам танысының автокөлігін айдап кеткен

Степногорск қаласында ер адам танысының автокөлігін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына Seat автокөлігін айдап әкету туралы өтінішпен Ақсу кентінің 33 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам 12 ақпаннан 13 ақпанға қараған түні ол достарымен бірге таксимен моншаға барғанын айтты. Кейін оның Seat автокөлігімен олардың артынан досы келді. Жәбірленушінің тағы бір 33 жастағы танысы моншадан басқалардан бұрын шыққан. Ол қалған таныстарын күтпей, кілт салынбаған автокөлікке отырып, Степногорск қаласына бет алған.

Жол бойында Заводской кентінің тұрғыны полиция қызметкерлерімен ұсталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйінде болған.

Автомобиль қазіргі уақытта айыппұл тұрағына қойылды. Қазақстан Республикасы ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру