Степногорск тұрғыны супермаркеттен 90 литр күнбағыс майын ұрлап кетті
Степногорск тұрғыны супермаркеттен 90 литр күнбағыс майын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қыркүйекте Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті супермаркеттердің бірінің күзет қызметі бастығының 2-26 шілде аралығында белгісіз тұлға дүкеннен «Шедевр» күнбағыс майының 18 бес литрлік бөтелкесін ұрлағаны туралы хабарламасы келіп түсті. Келтірілген шығын сомасы 89 910 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Супермаркетте орнатылған бейнебақылау камераларының объективіне бұрын сотты болған Степногорск қаласының 53 жастағы тұрғыны түскен. Ұрлық дүкенге 9 рет барып жасалғаны анықталды. Оны ешкім байқамайтынына көз жеткізген қаскүнем май бөтелкелерін алып, кассирлер басқа клиенттерге қызмет көрсеткен сәтті пайдаланып, дүкеннен шығып кеткен. Ер адам ұрланған майды сатып, ақшасын жұмсап үлгерген.
Степногорск қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.