Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорскіде кәріз люктерін ұрлаған күдікті анықталды

Степногорскіде кәріз люктерін ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 маусымда Степногорск қаласының Полиция басқармасына қаланың коммуналдық кәсіпорын өкілінің өтініші келіп түсті. Ол 1-10 маусым аралығында қаланың шағын аудандарының бірінің аумағында белгісіз біреулер 3 кәріз люгін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 24 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру