Степногорскіде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды
Степногорск қаласында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласында маңызды оқиға - №2 учаскелік полиция пунктінің ашылуы өтті. Аталған іс-шараға полиция департаментінің бастығы Думан Таев, Степногорск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Н.Мукатов, қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Утекин қатысты.
Мемлекет басшысы атап өткендей, "Учаскелік инспектор – бұл нақты аумақта қылмыстың алдын алудың негізгі тұлғасы". Учаскелік инспекторларға "полицияның сервистік моделін" іске асыруда ерекше рөл бөлінеді, ол мемлекеттік органдардың халықпен тұрақты серіктестік қатынастарын білдіреді. Учаскелік инспекторлар-бұл күнделікті жұмысында азаматтармен тығыз қарым-қатынас жасайтын қызметкерлер. Сондықтан жаңа учаскелік пунктті ашу - "полицияның қадамдық қолжетімділіктегі" қағидатын қамтамасыз етуде тағы бір қадам.
Жаңа учаскелік пункт Степногорск қаласының орталығында 1-шағын ауданда 30 шаршы метр алаңда орналасқан. Заманауи компьютерлік техникамен, жиһазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған. Учаскелік инспекторлар ішкі істер министрлігінің базаларына кіре алады. 3 бейнебақылау камерасы учаскелік пункттің ішінде және 1 сыртында орналасқан, қызметтік автокөлік бар. Учаскелік пункт қызметкерлері 12 мыңға жуық адам тұратын 3 әкімшілік учаскенің қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін болады. Қызмет көрсетілетін аумақта 2 мектеп орналасқан.
Ашылу салтанатының соңында Степногорск қаласы әкімінің міндетін атқарушы учаскелік инспектор Нұрбек Мағауовқа ноутбук табыстады.
- Жергілікті атқарушы органдар полицейлермен қатар жұмыс істеуде. Біз ортақ мақсатты көздейміз – азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, - деді Нұрлан Зияйденұлы.
Ақмоланың бас полицейі жергілікті атқарушы органдарға түсіністік пен қолдау үшін алғысын білдірді.
- Қызмет атқару үшін барлық жағдай жасалған. Біздің жұмысымызға халық баға береді. Бұл туралы ұмытпаңыздар және Ел Президенті мен біздің ведомство қойған міндеттерді сапалы орындаңыздар, - деп атап өтті ол учаскелік инспекторларға.