Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“STOP-трафик”: Түркістан облысында жеңгетайлықтың 2 дерегі анықталды

Түркістан облысының полицейлері “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңгетайлықтың 2 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21-27 ақпан аралығында Түркістан облысы аумағында жеке адамға қарсы қылмыстарды, жеңгетайлық пен адам саудасын анықтау, бас бостандығынан айыру деректерінің жолын кесу мақсатында “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Екі тәулік ішінде ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша 2 деректі анықтады.

Осылайша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының екі бірдей қонақ үйінде полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен және жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен қонақ үйлердің екі әкімшісін және үш жеңіл жүрісті қызды ұстады.

Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру