Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген екі түркістандық әйел анықталды

Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген екі түркістандық әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік қызметкерлері 21 ақпанда сағат 23:30 шамасында Азаттық даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерден жеңіл жүрістегі екі қызды анықтады.

Ұсталған екі қыздың Түркістан облысының тұрғыны екендігі белгілі болды.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік хаттама жасақталды.

Ал үй-жайды жалға берген 49 жастағы пәтер иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру