Сыр сақшылары аудан тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіледі
Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғынынан ішкі істер органдарында тіркелмеген мылтық алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 ақпан күні Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ботабай ауылына қарасты егістік алқабында жүрген 26 жастағы ауыл тұрғынын тексеру кезінде оның өзімен бірге ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықтады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама ресімделіп, жиналған материал сотқа жолданды.