Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда сотталған жігіт анасына алғысын өлеңмен жеткізді

Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты УГ-157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған анасына алғысын өлеңмен білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

УГ-157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында салауатты өмір салтын ұстану және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында “Алғыс айту” күніне орай сотталғандар ата-анасы мен туған-туыстарына “Skype” арқылы өз алғыстарын жеткізді

Осы орайда аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат өз анасына алғысын өлең шумақтары арқылы білдірді.

Асыл анам, анам менің аяулы!
Кеңейеді сәлемдемеңмен қамауым.
Күтіп мені қажымадың бір сәтке
Сағыныштың өшірмейсің алауын.

Алғыс айтсам сөзбенен құр болады,
Теңізді сия қып жазсам-дағы аз болады.
Алғысым шексіз анажаным, әлбетте
Өкінішті бірақ, қызмет қылмадым құрметтеп.

Уайым жеп, қайғырмашы, анашым
Оралармын дін-аман боп қарашы!
Ақ сүтіңді ақтар күнге жеткізсін
Жәрдем беріп, мейірбан Алла панашым!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру