Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда учаскелік полиция инспекторы суицидтің алдын алды

Атырауда учаскелік полиция инспекторы өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының “102” пультіне сағат 23:00 шамасында Нұрсая мөлтек ауданының 32 жастағы тұрғыны өзінің азаматтық некедегі күйеуі болып табылатын 33 жастағы азаматтың үйінде өзіне қол жұмсамақшы болып жатқандығы жөнінде хабарлама берген. Хабарлама бойынша барған учаскелік полиция инспекторы аталған азаматтың әйеліне ренжіп,  ішімдік ішкен күйде өзіне қол жұмсамақшы болып жатқан жерінен құтқарып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру