Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас әрі жауапты жамбылдық қызметкерлер ата-анасына алғыс білдірді

Жамбыл облысында жас әрі жауапты қызметкерлер ата-анасына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің Алғыс айту күні ерекше аталып өтіледі. Бұл күні аталған мекемеде жыл сайын игілікті шаралар ұйымдастырылып, әртүрлі ұлт өкілдерінен құарлған ұжым мүшелері бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіретін.

Ал биыл өте терең мәні бар мерекеде басшы құрам мекеменің жас қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айтуды жөн санапты. Олар шуақты көктемнің алғашқы күні өздерінің сый-сяпатын дайындап, алғыс айтуға лайық адамдардың отбасына асыққан-ды. Бұл күні мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы Мизам Бакиров және дәл осы бөлімнің аға бақылаушысы Ермек Оразақұлдың ата-анасы шынайы алғысқа бөленді.

– 1 – наурыз Алғыс айту күнінде мекемедегі жас әрі жауапты қызметкерлердің ата-анасына лайықты құрмет көрсетіп, оларға өз тарапымыздан шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келді. Себебі, олар бүгінде қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ететін нағыз ержігіттерді тәрбиелеп өсірді. Сол себепті, біз олардың еңбегін жоғары бағалап, мерекелерімен арнайы құттықтауға келдік, – деді мекеме бастығының орынбасары Айгүл Танашева.

Өз кезегінде перзенттері арқылы қуанышқа кенелген ата-аналар қуанышты екендіктерін жеткізіп, облыстық ҚАЖ департаментінің сондай-ақ ЖД-158/5 мекемесінің басшы құрамына алғыстарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру