Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Спорт шебері сарыағаштық полицейлерді мерекемен құттықтады

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері сарыағаштық полицейлерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Алғыс айту” күні мерекесімен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев сарыағаштық полицейлерді құттықтады.

– Құрметті қазақ елі, бүгінгі мерекелеріңізбен. Соның ішінде Сарыағаш ауданының тәртіп сақшыларын барша спортшылардың атынан “Алғыс айту” күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ел үшін жасап жатқан қызметтеріңіз әрдайым елене берсін. Істеріңізге сәттілік тілеймін.


Осы тұста, біз де, барша тұрғындарды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларына амандық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мереке құтты болсын!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру