Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Сыр сақшылары халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

2 тамызда Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының тұрғынын құрықтады.

Ол ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігімен (Қарақшылық) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Ұсталған күдікті азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласының орталығында ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру