Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Такси жүргізушісіне 60 мың теңге аударып жіберген бойжеткеннің ақшасын елорда полицейлері қайтарды

Астана қаласы полиция департаментінің атына елорда тұрғындарынан, қала ұйымдарынан көрсетілген көмек пен қылмыстарды ашқаны үшін көптеген алғыс хаттар келіп түсіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айталық 2024 жылдың наурыз айында полицияның “102” арнасына азаматтардан келіп түскен арыздарға жедел ден қойғаны үшін алғыс білдірген 67 қоңырау тіркелді.

Елорда тұрғыны кешкілік уақытта ыстығы қатты көтеріліп ауырған баласын ауруханаға дер кезінде жеткізуге көмек көрсеткендігі үшін “990 бортты” партульдік полицияның жасағына алғысы шексіз екендігін жеткізген.

Енді бір қала тұрғынының кәмелетке толмаған қызы ойын-сауық орнына барып ұялы телефонын жоғалтып алған. 

– Телефонның құны 150 мың теңге тұрады. Жуырда ғана туған күніне сыйға тартқан едік. Ойнап жүріп жоғалтып алыпты. Сонан соң полиция қызметін шақырдық. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында телефон табылды. Қызымның қуанышында шек жоқ. Қызметтеріңізге жеміс тілеймін», – деп жазды астаналық.

Тағы бір қала тұрғыны такси жүргізушісіне телефон арқылы байқамай артық ақша жіберіп қойған.

– InDrive қосымшасы арқылы такси шақырдым. Таксидің ақшасын төлеу керек екендігі ойымда болған. Бірақ ағама ақша жіберемін деген ниетпен, таксистке байқамай 60 мың теңге жіберіп қойыппын. Ол ақшаның түскенін біле тұра қайтарғысы келмеді. Тіпті қайда шағымдансаң да қайтармаймын деп қоқан-лоққы көрсетті. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Құқымды таптатпай, заң шеңберінде шара қолданды,- деп өзінің басынан өткен оқиғасымен бөлісті елордалық бойжеткен.

Полиция департаментінің басшылығы тұрғындардың полиция жұмысы туралы пікірін жоғары бағалайды және халыққа қымет ету полицияның басты міндеті екендігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру