Талдықорған полицейлері ЖҚЕ бұзу бойынша 300-ден астам хаттама толтырды
Талдықорған полицейлері ЖҚЕ бұзу бойынша 300-ден астам хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзушылықтарын анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шара облыс орталығында 6-8 қаңтар аралығында «Крис-П» фоторадар кешені мен дрон-квадрокоптердің техникалық мүмкіндіктерін қала шекарасында пайдалануымен өткізілді.
Үш күн ішінде патрульдік полиция қызметкерлері ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 307 әкімшілік хаттама толтырды. Олардың ішінде екі жүргізуші мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, 3 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермегені үшін, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін – 47, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін бес хаттама толтырылды.
6 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ медициналық айықтырғышқа 14 адам жеткізілді.
– Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және бұзушылықтың алдын алуды күшейту, жолдарда апатты жағдайларды төмендету. Мұндай іс-шаралар жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ППР командирі Руслан Примжанов.