Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері Ақтөбе облысына бағыт алғандарға үндеу жасады

Атырау полицейлері Ақтөбе облысына бағыт алғандарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы “Казгидромет” филиалының деректеріне сәйкес, 10 қаңтар түнде Ақтөбе облысы бойынша -35-39 градус, Ақтөбе қаласы бойынша -35-36 градус қатты аяз болады. Осыған байланысты Ақтөбе облысындағы облыстық республикалық тасжолдарға шектеу қойылған.

Атырау облысының патрульдік полиция қызметкерлері Атырау облысы аумағынан Ақтөбе облысына қарай бағыт алған автокөліктерге Атырау қаласынан шыға берісте, Доссор кентіне, Мақат және Сағыз елдімекені тұстарында ескерту жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

– Тұрғындар мен қонақтардан көшеде ұзақ уақыт болмауды, тәуліктің қараңғы уақытында ұзақ сапарлардан бас тартуды сұраймыз. Үсік шалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдаңыздар. Мүмкіндігінше сергек болыңыз және маршруттарыңызды алдын ала ойластырыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда сізден 112  құтқару қызметі бірыңғай нөмеріне хабарласуыңызды сұраймыз, – деп еске салды Атырау облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру