Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда көлігімен адам қаққан жүргізуші ұсталды

Алматы облысында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға  Талдықорған қаласынан 1 шақырым қашықтықта белгісіз көліктің облыс орталығының 41 жастағы тұрғынын қағып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды.

“Оқиға орнына жеткен Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ қызметкерлері мен Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция ротасының инспекторлары апат орнын тексеру кезінде өндіруші зауыт нөмірі бар пластмасса бампердің сынықтарын тапты. Осы нөмір бойынша “RENAULT MANAGER” жүк көлігінің маркасын анықтау мүмкіндігі туды. Тәртіп сақшылары облыстың барлық жеке құрамын күдіктіні ұстауға бағдарлады. Бірнеше сағаттан кейін Алакөл ауданында Алматы-Өскемен автожолының 508 шақырымында іздестіріліп жатқан көлік ұсталды. ШҚО Үржар ауылының тұрғыны болып табылатын жүргізуші көлігімен адам қаққанын мойындады”,-дейді Алматы облысының ПД ЖПҚБ патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Қайырбек Қанатбеков.

 

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабының 1-бөлігі (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру