Талдықорғанда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды
Талдықорғанда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда патрульдік полицейлер NISSAN PATROL автокөлігін мас күйде басқарған 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Арнайы мәліметтер базасын тексеру кезінде ер адам өткен жылдың қазан айында осындай құқық бұзушылық үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.
Құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, автокөлік жүргізушісі ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жыл басынан бері өңірде мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 160 жүргізуші жазаланды, олардың ішіндегі 17 жүргізуші құқықбұзушылықтың қайталанғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.