Талдықорғанда полицейлер өтіп бара жатқан адамға себепсіз шабуыл жасаған ер адамды ұстады
Талдықорғанда полицейлер өтіп бара жатқан адамға себепсіз шабуыл жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қыркүйек сағат 08:15 шамасында «102» каналы бойынша Талдықорған қаласы Батыс ҚПБ-не «Мушелтой» шағын ауданының 30 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол белгісіз ер адамның мектеп маңында өзіне шабуыл жасап, себепсіз ұрғанын жеткізген. Аталған дерек бұзақылық фактісі ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
15 минут ішінде оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері – «Бүркіт-163» экипажы «Жетісу» шағын ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол масаң күйде өзіне дөрекі жауап бергені үшін әйелге шабуыл жасап, ұрғанын мойындады.
Күдікті бұған дейін де заңға қайшы әрекеттерге барған, 2017 жылы оған қатысты 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Үш жыл жазасын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып шыққан, ол құқық бұзушылыққа қайта барып отыр. Жәбірленуші азаматша полицейлерге бұзақыны тез қолға түсіргені үшін шын жүректен алғысын білдірді.