Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қызды құтқарып жатқан бейнені шығарды

Қыз таңертең сегізде автокөлік көпірінің қоршауынан асып тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біз өз патрульдік аймағымызда болдық. Біздің көлікті бірнеше ер адам тоқтатты, олар жоғарыда қыз көпірден секірмек болып тұр деген хабарлама айтты. Біз көпірге шығып, оған ақырын жақындадық. Қыз қатты жылады, оған жоламауды өтінді, байланыс жасамады. Мен оның назарын әңгімелер арқылы аудара бастадым, сол кезде менің серіктесім – полиция лейтенанты Елдос Айдосов көпірдің биіктігіне қараймын деген сылтаумен қызға жақындай түсті. Бір кезде ол оның қолынан ұстап, одан әрі қашудың барлық әрекеттерін жауып тастады. Содан кейін біз қызды көпірдің осы жағына тарттық, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы, “Буран-127” патрульдік экипажының қызметкері Нарбек Оразалиев.

Патрульшілердің айтуынша, қыз ұзақ уақыт бойы өзіне келе алмады, ол үнемі жылады. Полиция Басқармасында ол бұл әрекеттің себебі жеке бастан өткен оқиғалар екенін ғана түсіндірді. Ол – 30 жаста.

– 2-3 минуттан аспайтын әңгіме барысында біз қыздан ата-анасы туралы сұрадық, одан ақымақтық әрекеттер жасамай, соларды ойлануын өтіндік. Оның әлі жас екенін және бүкіл өмірі алда екенін айттық. Онсыз да шарасыз тұрған қызды қорқытып алмау маңызды болды. Әйтпесе, жарты секундта орны толмас жағдай орын алуы мүмкін, – деді полицей Елдос Айдосов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру