Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер қоғам белсенділерімен рейд жүргізіп жатыр

Полиция қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге Талдықорған көшелерінде жұмыстар атқарып жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, қоғам белсенділерінің бірі заңсыз металл қабылдау мен стихиялық сауда орындарын көрсеткен. Аталған деректер бірден жойылды.

– Департамент басшысының атына қала жұртшылығынан тәртіп орнату туралы бірнеше өтініш келіп түсті. Өтініштерде, негізінен орталық базарға іргелес орналасқан көшелердегі стихиялық сауда орындарындағы, металл сынықтарын қабылдау пункттеріндегі қызмет көрсетудің заңсыздығы және белгіленген ережелердің сақталмауы, көшелердің санитарлық жағдайының төмендігі, қоқыстарды жағу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы деректер көрсетілген, – дейді Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.


Департамент басшысының нұсқауы бойынша алынған ақпаратты тексеру мақсатында, өтініш авторымен бірге Шахворостов және Құрманов көшелерінде бірлескен рейд ұйымдастырылды. Рейдтік топтың құрамына Полиция басқармасының басшылығы, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, табиғатты қорғау полиция тобы, учаскелік инспекторлар және Алматы облыстық мәслихаттының Қоғамдық Кеңес мүшелері кірді.

– 11 металл сынықтарын қабылдау және қатты отын сату пункттері тексерілді. Нәтижесінде, 303 кг көлемде сексеуілді заңсыз сақтаудың бір дерегі анықталды. Сексеуіл иесі, Талдықорған қаласының 49 жастағы тұрғынына қатысты материал тиісті шаралар қабылдануы үшін Алматы облысының Орман шаруашылығы департаментіне жіберілді. Аталған жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, – деп толықтырды Нұрсапа.

Қоғамдық өкіл облыс орталығының көшелерінде тәртіп орнатуға көмектескен полицейлерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, өтініштердің қатты отынды сату заңдылығына және оларды іске асыруға рұқсат беру құжаттарымен байланысты болуына орай Полиция басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, прокуратура, әкімдік қызметкерлері, қоғамдық палата мүшелері қатарынан комиссия құру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру