Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 тоннадан астам астық ұрлығы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 20 тоннадан астам астық ұрлығын ашты, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамыр күні Ақжар ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жұмысшылары себуге даярлап қойған 21 тонна астықтың жетіспейтінін анықтаған. Шығын 1 365 000 теңгені құрады. Алғашында ЖШС жұмысшылары ұрлықты өз күштерімен ашпақшы болған, алайда кейін полиция бөліміне жүгінген. Серіктестік күзетшілерімен жиналған ақпаратты талдау, учаскелік полиция инспекторларымен мәліметтермен жедел алмасу нәтижесінде аудандағы жүк көліктерінің барлық қозғалыстарын анықтап, күдіктілерді табу мүмкін болды. Олардың екеуі де 1968 жылы туған ЖШС жұмысшылары болып шықты. Ұрланған астықтың бір бөлігі аудандағы ауылдардың маңындағы алқаптан алынды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

– СҚО-да өткізіліп жатқан “Астық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицияның барлық бөліністері егіс материалдарын, жанар-жағармай мен ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерінің ұрлығын болдырмау және ашу мақсатында өзара тығыз қарым-қатынас жасайды, – дейді СҚО ПД басшысының орынбасары Руслан Назаров. – Іс-қимылдардың реттелген алгоритмі арқасында диқаншылардың мүлкіне қарсы жасалған қылмыстардың басым бөлігін “ізін суытпай” ашуға болады.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде облыс бойынша осы сияқты 12 ұрлық тіркеліп, бүгінгі күні оның 11-і ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру