Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда пробацияның қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті

Талдықорған қаласында пробация қызметі мен прокуратураның қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласы прокуратурасының бастамасымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қайталама қылмыстардың өсу себептерін анықтау бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді. Сондай-ақ, осы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстың жай-күйі, уәкілетті мемлекеттік органдардың сотталғандармен профилактикалық іс-шаралар өткізу жөніндегі өзара іс-қимылы кеңінен қаралды.

Талдықорған қаласының прокуроры Бақытжан Ашеевтің төрағалық етуімен сотталған адамдардың қайталанған қылмыстарының өсуін төмендету бойынша барлық өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңеске Талдықорған қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Марат Әбуев, «Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қорының басшысы Светлана Сәдуақасова, пробация қызметі бастығының орынбасары Айгүл Болатова, қалалық ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Жеңіс Мәлікбазаров, Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі Арай Саутбеков және қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Мұрат Бейспаев қатысты.

– Кеңес қорытындысы бойынша пробация қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмысты жақсарту және проблемалық мәселелерді шешу бойынша шешімдер кешені қабылданды, – деп атап өтті Талдықорған қаласының прокуроры Бақытжан Әшеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру