Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда психикалық ауытқушылығы бар жігіт өгей әкесіне пышақ жарақатын салды

Талдықорғанда психикалық ауытқушылығы бар жігіт өгей әкесіне пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полицейлер өгей әкесін өлтіруге оқталған Талдықорғанның 25 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаны анықтау барысында күдіктінің мүгедектігі бар деп танылды, себебі ол психикалық бұзылулардан және эпилепсиямен ауырады.

Бір күн бұрын 33 жастағы ер адам қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды, оған дәрігерлер қол мен кеудеге бірнеше жерден пышақ жарақаты салынған деген диагноз қойды. Мән-жайды анықтау барысында жәбірленушіге жарақатты онымен бірге бір пәтерде тұратын өгей баласы салғаны анықталды.

– Анықталғандай, жас жігіт бір күн бұрын мас күйінде өгей әкесімен жанжалдасып, төбелескені белгілі болды. Ол таңертең ұйықтап жатқан өгей әкесіне асхана пышағымен шабуыл жасап, дене жарақатын салған. Бұрын үй иелері немесе көршілері шақырған патрульдік отрядтар көрсетілген мекенжайға қайта-қайта баратын. Алынған мәлімет бойынша жігіт психикалық ауытқушылықпен ауырады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі қалалық полицияның тергеу бөлімі жүргізіп жатыр, – деді Талдықорған қалалық ІІБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Ұсталғанның жағдайын ескере отырып, оны әзірге психоневрологиялық диспансерге орналастырылғаны көрсетілді. Іс бойынша соңғы процессуалдық шешімді тергеу аяқталғаннан кейін қабылдау жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру