Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда сот жүктеген міндеттерді орындамаған 7 адам түрмеге қамалмақ

Талдықорғанда сот жүктеген міндеттерді орындамаған 7 адам түрмеге қамалмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айында республика аумағында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – пробация бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасауын алдын алу.

Қазіргі таңда Талдықорған қалалық пробация бөлімінің есебінде 347 сотталған бар. Республикалық іс-шара нәтижесінде сотталғандарға сотпен жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін 7 адамға қатысты материалдар Талдықорған қалалық сотта қаралуда.

Өздеріне жүктелген жазаны тиісті түрде орындамағаны үшін олар өтелген жаза мерзімін түрмеде өтейтін болады.

Талдықорған қалалық пробация бөлімінің бастығының орынбасары Айгүл Болатованың айтуынша, сотталғандар бұндай жедел іс-шаралар жиі өтіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру