Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандағы тергеу изоляторына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

Талдықорғандағы тергеу изоляторына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов Талдықорғандағы тергеу изоляторына барды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінің бастығы А.Әбдірахмановпен бірге осы жылдың басында елімізде өткен жаппай наразылықтарға қатысқан тергеу-қамауға алынғандарды аралап шықты.

Депутат қамауда ұстаудың заңды жағдайларының қамтамасыз етілуін және тергеу-қамаудағылардың құқықтарының сақталуын тексерді, сондай-ақ қаңтар оқиғаларына қатысы бар бірнеше адамдарды жеке қабылдады.

Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға сұрау салу кезінде шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, мекеме әкімшілігіне наразылықтар болған жоқ, азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер мен өтініштер фактілері анықталған жоқ.

Тергеу-қамауға алынғандар мекемеге медициналық көмек көрсеткені және құқық қорғаушылар мен адвокаттардың оларға уақтылы келіп тұрғаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, депутат мекеме ішіндегі қандай да бір заңсыз әрекеттерді жою тәсілдерінің бірі болып табылатын, тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылаумен танысты.

Өз кезегінде тергеу изоляторының бастығы Арнай Қанатұлы прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссиясының қатысушылары мекемеге тексеріспен жиі келіп тұратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру