Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғар ауданында сауна-притон анықталды

Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы сауналардың бірі келушілерге интим қызмет ұсынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы заңды қызметінің сылтауымен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, ұстаған. Аталған дерек 11 қыркүйекте Алматы облысы аумағында “STOP трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

– “STOP трафик” операциясының кезекті кезеңі адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық ұйымдастыру деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында Бесағаш кентіндегі сауналарының бірінде қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған әкімші ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық фигуранттар ұсталды. Мекеме әкімшісіне қатысты тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілетән болады, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Асхат Данияр.

Полицияның мәліметіне сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында, яғни екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, жедел уәкілдер жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берудің екі дергін анықтап, екі қонақ үй мекемесінің әкімшілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісудің екі дерегінің жолын кесті және т.б.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру