Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғар полицейлері ұялы телефонды қолды қылған күдіктіні қолға түсірді

Наурыз айының басында Талғар ауданының 42 жастағы тұрғыны полицияға арыз жазып, қоғамдық автобуста қалтасындағы ұялы телефонынан айырылып қалғаны туралы айтқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұялы телефонды табуға бағытталған жедел-іздестіру іc-шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы жігітті ұстады.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Талғар қаласының тұрғыны болып табылатын ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, – деді Талғар ауданының ПБ бастығы Джанболат Зиядин.

Тергеу барысында зардап шегушіге 85 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келгені анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру