Таныстарына қонаққа барған ақмолалық жеке заттарынан айырылды
Таныстарына қонаққа барған ақмолалық жеке заттарынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 23 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызбен жүгінді.
Әйелдің айғақтарына сәйкес, таныстарына қонаққа барғаннан кейін ол сөмкесінде болған ұялы телефонынан, Ник маркалы сағаттан және қолма-қол ақшасынан айырылған. Залал сомасы анықталып жатыр.
Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлық күдіктісін анықтады. Оның қатысы қазіргі кезде тексеріліп жатыр. Заттай дәлел, атап айтқанда жәбірленушіге тиесілі сағат тәркіленді. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.