Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны млн теңгеден астам сомаға жалған сертификаттар сатқан

Тараз тұрғыны млн теңгеден астам сомаға жалған сертификаттар сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылдық полицейлерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 әйел өтініш білдірді. Олар әлеуметтік желілер арқылы біліктілікті арттыру сертификаттарын дайындауға уәде берген қызбен танысқандарын айтты.

Шағымданушылар оған ақша жібергеннен кейін ол телефонын бұғаттап тастаған және із-түссіз жоғалып кеткен. Сертификаттар үшін жәбірленушілер түрлі көлемде ақша берген: 80 мыңнан 160 мың теңгеге дейін.

Аталған деректерге қатысты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру