Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 12 млн теңгенің кабелін ұрлаған күдіктілер ұсталды

Таразда 12 млн теңгенің кабелін ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының екі тұрғыны бар бір топ алдын ала сөз байласып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығындағы зауыттардың бірінен мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған. Ұрланған кабельдің метражы жалпы алғанда 240 метрді құрайды, материалдық шығын 12 млн теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Барлық күдіктілер ұсталып, кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру