Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды
Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол түнгі сағат 02:50-де белгісіз адамның «Samsung galaxy» ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, қашып кеткендігі туралы айтты.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ Тараз қаласының Жедел бақылау орталығындағы бейнебақылау камералары операторларының жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде полиция қызметкерлері 39 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай ұстады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады және ол жәбірленушімен танылды.
Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.