Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Таразда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 мамырында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздестіріліп жатқан, қудалаудан бір жылға жуық уақыт жасырынған 23 жастағы қылмыскерді ұстады.

Анықталғандай, іздестіріліп жатқан адам Тараз қаласындағы жалдамалы пәтерлерде жасырынып жүрген. Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру