Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет қару тапты

Таразда ҚАЖ қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда ҚАЖ қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында қару тапты. Қаланың «Тектұрмас» ауданында жедел іс-шара өткізу кезінде Стариков көшесінің соңындағы қоқыс үйіндісінен белгісіз зат табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, онда тегіс ұңғылы, нөмірлік белгілері өшірілген 12 калибрлі аңшы мылтығының кесіндісі, 16 дана 12 калибрлі оқ-дәрі және 25 дана ПМ тапаншасы мен 138 бірлік АК автоматының патрондары бар екендігі белгілі болды.

Қазіргі таңда оқиға орнына Тараз қалалық жедел тобы шақыртылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл іс-шараға ҚР ҚАЖ Комитетіның жедел басқармасының және облыстық ҚАЖ департаментінің жедел бөлімшесінің сондай-ақ №59 түзеу мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Заңға қайшы оқиға бүгін шамамен сағат 14.00-де болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру