Таразда ҚАЖ қызметкерлері қару толған қапшық тапты
Таразда ҚАЖ қызметкерлері қару толған қапшық тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Тараз қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, шаһардағы Асқаров көшесінде орналасқан тері-венерологиялық диспансерінің артқы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың ішінен полиэтиленді қапшық тауып, тәркіледі.
Тәркіленген қапшықтың ішінен ПМ № ЛС5448 бір оққабы және 16 калибрлі 9 мм патрондар, 16 калибрлі № 6516 бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ ГСЗ-15/49-12 көзден жас ағызатын жарық-дыбыс гранатасы бар екендігі анықталды.
Айта кетейік, бұл қарулардың барлығы дерлік қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық Полиция департаментінен ұрланған.