Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда қоғамдық жұмысқа тартылған 14 сотталғанның жеке ісі қамаққа алумен алмастырылды

Таразда қоғамдық жұмысқа тартылған 14 сотталғанның жеке ісі қамаққа алумен алмастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген қоғамдық жұмыстардан жалтарып, жергілікті әкімдік белгілеп берген ағаш кесу, шаһар көшелерін тазалау секілді дала жұмыстарын атқармаған.

Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы Қуаныш Калықтың айтуынша, пробация қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға тартылған есепте тұрған азаматтарды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады.

– Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін біз жергілікті әкімдікпен қадағалап отырамыз. Жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Қуаныш Ерболатұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру