Таразда түзеу мекемесіне “каннабис шайырын” лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Таразда түзеу мекемесіне “каннабис шайырын” лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттардың мекемеге ену дерігінің жолы кесілді.
– Келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес мекеме қызметкерлері дереу әрекет жасады. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған Тараз қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан екі дана рогатка және жапсырмамен оралған 26,14 граммды құрайтын үш дана “каннабис шайыры” табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамнан “ешқайда кетпеу” туралы қолхат алынды.
Өкінішке орай, қабылданған барлық профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жазасын өтеушілердің туыстары, достары және басқа да адамдар сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтыру және енгізу әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде, ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мұндай әрекеттер дереу тоқтатылады, – деді аймақтық ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.