Таразда жазасын өтеуші Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
Таразда жазасын өтеуші Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел шекарасын заңсыз кесіп өтіп, сот үкімімен ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылған шетел азаматы ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуде.
Бейнебайланыс арқылы тілдесуде ол жақындарының аман-саулығын біліп, хабар алмасты.
– Жалпы, бейнеконференция – әлеуметтік байланыстан ажырамаудың өте тиімді жолы әрі темір тордың арғы жағындағы азаматтардың жанұясымен үзбей сөйлесіп тұруына зор мүмкіндік беріп отыр, – дейді департаментте.