Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірім ақтаулық тұрғынды соққыға жығып, телефонын тартып алған

Жасөспірім ақтаулық тұрғынды соққыға жығып, телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 16 жастағы жасөспірім анықтап, ұстады. Ол 20 тамызда таңғы сағат 05:00 шамасында Ақтау қаласының 6 шағын ауданында жүріп бара жатқан адамды ұрып-соғып Samsung Note 10 телефонын тартып алды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтардан осындай фактілерге жол бермеуді және өз мүлкін сақтау үшін барлық шараларды қабылдауды сұрайды. Бұл көбінесе адамдардың қырағылығына байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру