Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ҚАЖ қызметкерлері балаларына арнап ерекше шеберлік сабақ ұйымдастырды

Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері балаларына арнап ерекше шеберлік сабақ ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл “Балалар жылы” болып жарияланды.

– ҚАЖ департаменті мен ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлері Балалар жылына орай бірқатар іс-шаралар өткізді. Жазғы демалыстың соңында пицца дайындау бойынша “Ата-аналарға тамақ дайындау” шеберлік сабағы өтті. Әрбір кішкентай қонақ өзіне және ата-анасына сүйікті пиццасын пісіруге мүмкіндік алды, – дейді кадр саясаты бөлімінің психологы Мәриям Әбдікәрімова.

Балалар бас аспазшымен бірге пиццаның қамырын жайып, әртүрлі соустармен жағып, ингредиенттермен өз қалаулары бойынша безендірді. Қамырды жұқа етіп жаю үшін балалар көп еңбектенді. Әрбір пицца пісіріліп, иесіне берілді. Балалар өздерінің пиццаларын ата-аналарымен бірге жеп көрді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру