Таразда жігіт таныс қызының атынан млн теңгеге несие алып, жоқ болған
Таразда жігіт таныс қызының атынан млн теңгеге несие алып, жоқ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.Тараз қаласының Полиция басқармасына 19 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. 2021 жылдың наурыз айында жас жігіт бойжеткеннің сеніміне кіріп, оның атынан несие алған. Келтірілген залал көлемі миллион теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.