Таразда жол ережесін бұзған жүргізушіге 5 хаттама толтырылды
Таразда жол ережесін өрескел бұзған Mercedes жүргізушісіне 5 хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мемлекеттік нөмірі жоқ, жолда жүру ережелерін қатаң бұзған Mercedes-Benz автокөлігін анықтады.
Жүргізуші автокөлігінің нөмірін алып тастап, қала ішінде бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.
Жүргізушіге қатысты бірден бес әкімшілік хаттама толтырылып, 110 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік құралы арнайы айып тұраққа қойылды.