Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздағы түзеу мекемесінде оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды

Тараздағы түзеу мекемесінде оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде “Қамал” оқу-жаттығу жиыны өтті.

Мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысқан шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылған оқу-жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алу, жеке құрамның физикалық және жауынгерлік дайындығын пысықтау.

– Әрбір қызметкер кез келген төтенше жағдайға дайын болуы қажет. Мұндай жиындар мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының деңгейін көрсетеді. Нақты өмірлік жағдайға жақын өткізілген оқу-жаттығу жиыны жеке құрамның тәжірибесін арттыратыны анық, – дейді мекеме бастығы Бағдат Байтуреев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру