Тараздық 250-ден астам студент нашақорлықтың алдын алу науқанына қатысты
Тараздық 250-ден астам студент нашақорлықтың алдын алу науқанына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 сәуір күні Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Біз есірткіге қарсымыз – біз өмірді жақтаймыз!» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс- шараға «Ұстаз» институтының 250-ден астам студенті қатысты.
Полицейлер есірткі заттарын пайдаланудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін қарастырылатын жауапкершілік және тыйым салынған заттарды пайдаланудан жастардың денсаулығына әсер ететін теріс салдарлар туралы айтты.
Студенттер ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен жіберілген есірткіге қарсы бейнероликтерді тамашалады.
Сондай-ақ қатысушыларға облыстық ПД Кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің қызықты көрсетілімдері көрсетілді.
– Негізгі мақсат-нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, жастардың есірткі тұтынудың зияны және есірткі қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар болуы, сондай – ақ салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау, – деп қатар көрсетті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.