Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті
Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 сәуірде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны полицияға жүгінеді. Шағымында ол танысының үй сатып алуға көмектесемін деген сөзіне сеніп, оған банктен 2 млн теңгеге жуық несиені ресімдеп алып бергенін көрсетті. Ақшаны алған танысы жасырынып жүреді, содан кейін мүлдем байланысын үзеді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.