Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшысына қол жұмсаған жігіт қамауға алынды

Тараз тұрғыны төтенше жағдай тәртібін қадағалап тұрған тәртіп сақшысына қол жұмсап, қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 1 сәуірінде Байзақ ауданындағы блок-бекетінде короновирустық пандемияның таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген.  34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны полиция қызметкерінің төтенше жағдай талаптарына сәйкес, тиісті құжаттарынсыз блок-бекетінен өткізбей, шектеу қойғанына қарсы шығып, оның бетінен жұдырықпен ұрған.

Күдікті кінәсін мойындап, ҚР ҚПК-нің 128-бабымен Тараз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы (төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау) және 380-бабымен (билік өкіліне қарсы күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру